Басты жаңалық
629 кәсіпорын 12 мыңға жуық жұмысшыға жалақы төлемеген

Елімізде 629 кәсіпорын 12 мыңға жуық қызметкерге жалақыны уақытында төлемеген. Жалақы бойынша жалпы берешек сомасы 3,1 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген тексеру нәтижесінде еңбек құқығының 8,7 мыңнан астам бұзылу фактісі анықталған. Қадағалау шаралары барысында кәсіпорын басшыларына 524,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Нәтижесінде 11,8 мың қызметкердің құқығы қорғалып, 2,85 млрд теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтелді.
Министрлік жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы бақылау жалғасатынын атап өтті.



