Аймақта 35 әлеуметтік нысан салынып жатыр

2025 жылы облыста құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 354 млрд теңгені құрады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 379 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір бюджет есебінен 35 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар off-take келісім арқылы білім, спорт және мәдениет нысандары салынуда.
2025 жылы Семейдің Қарағайлы ауданында 13 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал «Абайға құрмет» акциясы аясында 16 ірі жоба дайындалуда. Олардың қатарында Достық үйі, жаңа мектеп, спорт кешендері, мәдени және шығармашылық орталықтар, жағалау абаттандыру, ботаникалық парк, стадион және қоғамдық кеңістіктер бар.
Аймақ басшысы барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы пәтерлер уақытылы берілуі тиіс.



