Әлеумет

Әлеуметтік қызметтің жаңа стандарты

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңарту бағытында маңызды өзгерістер талқылауға шығарылды

Жобаның негізгі мақсаты – мүгедек балаларға, мүгедектігі бар азаматтарға және қарттарға арналған қызмет көрсету стандарттарын жаңарту. Атап айтқанда, сыйымдылығы аз шағын үйлер мен күндізгі болу бөлімшелеріне жаңа талаптар әзірленеді. Бұл ірі стационарлық мекемелерден адамға жақын, қолайлы ортаға көшуге мүмкіндік береді.

Бастама Үкіметтің 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасына сай іске асырылады. Соған сәйкес, әмбебап дизайн негізіндегі шағын үйлер дамытылып, мүгедектігі бар балалар үшін отбасынан ажыратпай қызмет көрсететін күндізгі бөлімшелер желісі кеңейтіледі.

Абай облысында да бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізілуде. Қазір мұндай орталықтар  қалада ғана емес, аудандарда да құрылып, азаматтарға қолжетімді әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр.

Сіз де қоғамдық талқылауға қатысып, өз пікіріңізді білдірсеңіз болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button