Әлеумет

«Асыл Мирас»: кәсіби көмек пен қолдау

2 сәуір – Аутизм туралы ақпарат тарату күні. Аутизм бұл диагноз емес, ерекшелік. Бұл күн қоғамның түсінігін арттырып, ерекше балаларға деген қолдауды күшейтуге бағытталған.

Семейде аутизммен айналысатын «Асыл Мирас» орталығы жұмыс істейді. Мекеме 2023 жылы Болат Өтемұратов қоры мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен ашылған. Орталық жылына 300-ге жуық ерекше баланы қабылдай алады.


Қазіргі таңда мұнда 15 біліктілігі жоғары дефектолог пен педагог-психолог қызмет көрсетеді. Мамандар балалармен арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс істейді. Орталықта жалпы 6 бағыт бойынша қызмет ұсынылады.

Сарапшылардың айтуынша, болашақта әр үшінші балада аутизм белгілері кездесуі мүмкін деген болжам бар. Дегенмен мамандар ата-аналарды үрейге бой алдырмауға шақырады. Керісінше, баланың ерекшелігін ерте байқап, дер кезінде мамандар көмегіне жүгіну маңызды екенін айтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button