«Digital Law: Заң мен жасанды интеллект диалогы» атты ақпараттық-танымдық кездесу өтті

Шәкәрім университетінде «Digital Law: Заң мен жасанды интеллект диалогы» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде қалыптасып жатқан жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлерге қатысты жүйелі бағыт-бағдар беру болды.
Кездесу барысында цифрлық трансформация жағдайындағы өзекті мәселелер, заманауи технологияларды тиімді қолдану тетіктері, жастар бастамаларын қолдау және жасанды интеллект жүйелерін түрлі салада пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Сала мамандары цифрландыру, экономикалық тәуекелдер және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер жөнінде баяндамалар жасады.
Шара соңында ашық пікірталас пен сұрақ-жауап сессиясы өтіп, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.



