Басты жаңалық

Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтті

Елордада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтті. Жиында ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты ұсыныстар қаралды. Отырыс ашық форматта ұйымдастырылып, барлық кезеңі тікелей эфирде көрсетілді.


Комиссия жұмысын Конституциялық Сот төрайымы Эльвира Азимова жүргізді. Оның айтуынша, комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Барлық пікір мен ұсыныс арнайы жинақталған кестеге енгізілді.

– Бұл реформа халық үшін және халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады, – деді Эльвира Азимова.

Отырыс барысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева баяндама жасады. Олар қазан айынан бері жиналған ұсыныстар негізінде дайындалған өзгерістерді таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button