Президент ұсынса, Құрылтай қарсы бола ала ма?

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президентке бірқатар жоғары қызметтерге тағайындау құқығын беру ұсынылғанын айтты.
Министрдің сөзінше, Президент Құрылтайдың келісімімен және депутаттардың көпшілік дауысымен вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық соттың судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындай алады.

Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, егер Құрылтай ұсынылған кандидаттарға келісім бермесе, Президентке Құрылтайды тарату құқығын беру қарастырылып отыр.
– Ұсынылып отырған модель Президент пен Құрылтай арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы бастамашыл рөл атқарады, бірақ барлық тағайындау Құрылтайдың келісімімен жүзеге асады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады, – деді министр.



