Семей қаласындағы Бобровка кентінде заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Абай облысында бұқаралық спортты дамыту, халықтың дене шынықтырумен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасау және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Өңірде соңғы жылдары жаңа спорт нысандарын салу, ауылдар мен қалалардың шалғай аудандарында тұрғындарға қолжетімді спорт кешендерін ашу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби спортшыларды даярлауға арналған инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.
Осы жұмыстар аясында бүгін Семей қаласының Бобровка кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Жаңа спорт нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар, қала тұрғындары, жастар және қоғам белсенділері қатысты.
Салтанатты шара барысында қатысушылар жаңа кешеннің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысып, спортшылардың көрсетілімдерін тамашалады.
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли жаңа спорт кешенінің ашылуы өңірдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыруға, балалар мен жастардың спортқа қолжетімділігін кеңейтуге және спорттық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.
Оның айтуынша, Абай облысында да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
«Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру аясында Абай облысында олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жоғары жетістіктер спортының әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр.
Биыл өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту, жаңа нысандарды пайдалануға беру, қолданыстағы спорт кешендерін жаңғырту, сондай-ақ халықтың барлық санатын спортпен жүйелі түрде қамту негізгі басымдық ретінде айқындалды.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, былтыр мамыр айында Бобровка мен Водный кентіне келіп, екі спорт кешенінің капсуласын салып, құрылысты бастағанбыз. Қазір Мирный кентінде де спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Яғни, спорт ғимараттарын қаланың әр аймағына орналастырып, ел игілігіне пайдалануға беріп жатырмыз.
Бүгін, міне, зәулім әрі заманауи спорт кешені бой көтерді. Нысан халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына барлық жағдай жасалған. Жаңа спорт кешені Бобровка кентінің тұрғындарына ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өңірімізде салауатты өмір салтының орнығуына өз үлесін қосады деп сенемін», – деді Берік Уәли.
Облыс әкімі өз сөзінде спорт нысандарын тек облыс орталығында ғана емес, тұрғындар көп шоғырланған шағын аудандар мен кенттерде салу маңызды екенін атап өтті. Бұл балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың өз тұрғылықты жерінен алысқа бармай-ақ тұрақты түрде спортпен айналысуына мүмкіндік береді.
Салтанатты рәсім барысында жаңа кешеннің лентасы қиылып, қатысушылар ғимараттың ішкі құрылымымен танысты.
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Off-take келісімі аясында салынған.
Нысан толықтай заманауи құрылыс стандарттарына сәйкес бой көтеріп, тұрғындардың спортпен қауіпсіз әрі жайлы жағдайда айналысуына барлық мүмкіндік қарастырылған.
Кешеннің жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайды.
Бір мезетте мұнда 70 адамға дейін спортпен айналыса алады.
Екі қабатты ғимараттың ішкі жоспарлануы әртүрлі спорт түрлерін қатар дамытуға мүмкіндік береді.
Бірінші қабатта:
- әмбебап спорт залы;
- волейбол алаңы;
- баскетбол алаңы;
- футзал ойнауға арналған спорт кеңістігі орналасқан.
Бұл залда мектеп оқушыларының жарыстары, аудандық және қалалық турнирлер, сондай-ақ түрлі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар.
Екінші қабатта ұлттық және олимпиадалық жекпе-жек спорт түрлеріне арналған арнайы залдар орналасқан.
Атап айтқанда:
- қазақ күресі;
- дзюдо;
- еркін күрес;
- грек-рим күресі бойынша жаттығу залдары жабдықталған.
Барлық залдар заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, халықаралық талаптарға сәйкес жабдықталған.
Кешенде спортшыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, жаттықтырушылар кабинеттері, медициналық бөлме және қажетті инженерлік жүйелер толық қарастырылған.
Жаңа спорт нысаны жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Бұл Бобровка кентінің тұрғындарына ауа райына қарамастан тұрақты түрде спортпен айналысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар кешен балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды үлес қосады.
Облыста спорт саласын дамытуға бағытталған жұмыстар тек осы нысанмен шектелмейді.
Қазіргі уақытта Абай облысында бір мезгілде 20 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде.
Жыл басында Семей қаласының Водный кентінде дәл осындай жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Ақсуат ауданындағы Екпін және Ойшілік ауылдарында жаңа спорт модульдері ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.
Қазіргі таңда:
- Бесқарағай ауданындажүзу бассейні салынуда;
- Жарма ауданындазаманауи жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр;
- Курчатов қаласындажаңа бассейн бой көтеруде;
- Аягөз ауданындаспорт модулі салынуда;
- Үржар ауданындажаңа спорт нысанының құрылысы жалғасуда;
- Абай ауданындаспорт модулі бой көтеруде;
- Көкпекті ауданындада жаңа спорт кешені салынып жатыр.
Бұл жобалардың барлығы ауыл тұрғындары үшін спорттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Өңірде Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында да бірнеше ірі спорттық инфрақұрылымдық жоба қолға алынған.
Атап айтқанда:
Ақтөбе облысының тартуы ретінде Семей қаласында заманауи Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды.
Бұл нысан жекпе-жек спорт түрлерін дамытуға арналған еліміздегі ең ірі орталықтардың біріне айналады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге «KAZ Minerals» компаниялар тобы Семей қаласының жаңа шағын ауданында халықаралық талаптарға сай заманауи стадион салып жатыр.
Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаланың оң жағалауында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуде.
Осындай тағы бір спорт кешені Ұшақтар кентінде де бой көтеріп жатыр.
Өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға еліміздің басқа өңірлері мен ұлттық компаниялар да өз үлесін қосуда.
Павлодар облысы Семей қаласына үстел теннисі орталығын салып береді.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Аягөз қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенініңқұрылысын жүзеге асырып жатыр.
Ал «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Семей қаласында Инклюзивті спорт орталығын, сондай-ақ Үржар ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отыр.
Бұл жобалар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, инклюзивті спортты дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы, Абай облысында спорт саласын дамыту бағытында қолға алынған ауқымды жобалар өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін беруде. Бобровка кентінде ашылған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені де осы жүйелі жұмыстардың жарқын нәтижесінің бірі болып табылады және алдағы жылдары мыңдаған тұрғынның сүйікті спорт ордасына айналады деп күтілуде.



