Басты жаңалық

«Үш анық»: Мұғалімдер ақыл додасында

Абай облысында жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасында «Үш анық» атты зияткерлік ойын өтті. Білім мен логиканы ұштастырған бұл дода өңір педагогтерінің интеллектуалдық әлеуетін жаңа қырынан көрсетті.


Іс-шара Абай облысының білім басқармасы мен «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.


Зияткерлік сайысқа 200-ге жуық мұғалім қатысты. Семей қаласындағы мектептерден бөлек, Бородулиха және Үржар аудандарынан келген командалар да өзара бақ сынады.


Ойын қорытындысы бойынша І орынды Уәлиханов 206 – Білім-инновация лицейінің командасы иеленсе, ІІ орынды Үржар ауданының «Real» командасы, ал ІІІ орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің «МиON» командасы жеңіп алды.


Аталған жоба өңірде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Кешкі квиз» лигасы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Үш анық» зияткерлік ойыны алдағы уақытта лига форматында ай сайын өткізілмек.

Жыл қорытындысында үздік командалар финалдық кезеңде өзара мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button