Басты жаңалық

Құс, ет, май: Абай облысының жаңа бренді

Елімізде ет, сүт және астықты терең өңдеу агроөнеркәсіптің басым бағытына айналады. Өңдеуші кәсіпорындарды тұрақты шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі кеңейіп, өнім тапсырған фермерлерге субсидия төленеді.

Қайта өңдеу зауыттарына шикізат сатып алу үшін жеңілдікті несие беріледі. Инвестициялық шығындар, несие мен лизинг сыйақылары және өңдеуге алынатын шикізат құны субсидиялануын жалғастырады.

Бұл саясат Абай облысында нақты жобалармен жалғасып отыр. Аягөз, Мақаншы және Үржар аудандарында құс фабрикалары салынып, құс еті өндірісі жылына 15 мың тоннаға өседі. Экспорт көлемі 36 млн долларға жетуі тиіс. Жаңасемейде 5 мың тонналық құс фабрикасының құрылысы басталды.

Өңірдің экспорттық мүмкіндігін арттыратын негізгі жоба – Бақты–Аягөз теміржол желісі. Ал қайта өңдеу саласында 8,2 млрд теңгелік май зауыты мен 7,7 млрд теңгелік ет комбинаты іске қосылмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button