Басты жаңалық
Ақсуатта көше жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Ақсуат ауданында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көше жарықтандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Жобалар аудандық бюджет есебінен кезең-кезеңімен іске асуда.
Өткен жылы Ақсуат, Құмкөл, Жәнтікей, Қызылкесік, Үштөбе және Көкжыра ауылдарында 508 жарық бағанасы мен 566 көше шамы орнатылды. Нәтижесінде елді мекендердегі түнгі жарықтандыру деңгейі жақсарды. Бұл тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына және ауылдардың көріктенуіне оң әсер етті.
Алдағы уақытта көше жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасады. Аудан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылады.



