Заң

Бородулиха ауданында полиция бекеттері күшейтіліп, жүргізушіге көмек көрсетілді

Қолайсыз ауа райына және Бородулиха ауданындағы бірқатар автожолдардың уақытша жабылуына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері қосымша бекеттерге қойылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілерге қауіпті жағдайда жолға шықпау, жол қозғалысы ережелерін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар автожолдың бір бөлігінде полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті. Песчанка ауылының тұрғыны мінген автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмай қалған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында көлік жолдан шығарылып, қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Тәртіп сақшылары жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button