Заң

758 құқықбұзушылық: өңірде ауқымды рейд өтті

Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 758 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар тексеріліп, тәртіп бұзудың алдын алу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтіліп, есепте тұрған азаматтар тексерілді.

Рейд қорытындысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты 30 дерек тіркеліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 110 адам ұсталды. Құжатсыз немесе тіркеусіз жүрген 194 адам анықталды.

Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі ережелерін бұзбауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button