Басты жаңалық

Семейде полиэтилен пакеттерін өндіретін жаңа цех ашылды

Семей қаласында полиэтилен пакеттерін өндіретін «MegaPack» ЖШС-нің жаңа өндірістік цехының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы қатысып, жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.

Кәсіпорын пластмассадан жасалған қаптамалар өндірісіне маманданған (ОКЭД 22220). Өндіріс толық технологиялық цикл бойынша ұйымдастырылған: өнімді жобалау, өндіру және тапсырыс берушіге жеткізу үдерістері қамтылған.

Өндірістік алаңның көлемі – 600 шаршы метр. Жобалық қуаты – жылына 26 миллион пакет немесе 960 тонна дайын өнім. Қазіргі уақытта цехта сынақ-іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін толық жобалық қуаттылыққа шығуды жоспарлап отыр.

Жоба аясында 16 жаңа жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы – 250 мың теңге. Алдағы кезеңде қызметкерлер санын 100 адамға дейін ұлғайту көзделген.

Аталған өндірістік нысанның іске қосылуы Семей қаласының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және өңірдегі қаптама өнімдеріне деген сұранысты отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button