Басты жаңалық

Кәсіпорын қызметкерлері Конституция жобасын талқылады

«Arai East Food» ЖШС өндірістік алаңында кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өтті. Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұны мен ұсынылып отырған өзгерістер түсіндірілді. Сондай-ақ 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. «Arai East Food» ЖШС заңгері Аслан Алдабергенов жаңа Конституция жобасында еңбек қатынастарына қатысты мәселелердің маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, Абай облысында Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде 13 коалиция жұмыс істейді. Жалпы 120 мың сайлаушыны қамтитын 765 іс-шара өткізу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button