Дін мен дәстүр

Діни пікір алуандығы: қай жерде шек бар?

Қазіргі қоғамда діни пікір алуандығы — табиғи құбылыс. Әр адам өз сенімін таңдауға, оны ұстануға немесе ешбір дінді қабылдамауға құқылы. Алайда пікір алуандығы шексіз еркіндік дегенді білдірмейді. Оның да қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты шегі бар.

Діни сенім — жеке адамның ішкі дүниесіне қатысты мәселе. Бірақ сенім қоғамдық кеңістікке шыққанда, ол басқа жандардың құқығы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Мемлекет әркімнің сенім бостандығын құрметтеп, тыныштығын сақтау үшін жағдай жасайды.

Шек — діни сенім немесе көзқарас басқа адамдарға қысым жасауға, кемсітуге, өшпенділік таратуға немесе заң бұзуға себеп болған кезде басталады. Егер діни ұстаным қоғамдағы тыныштықты бұзып, адамдарды бір-біріне қарсы қойса, бұл енді жеке сенім емес, қоғамдық қауіпке айналады.

Мысалы, адам өз сенімін ұстанып, құлшылық жасап, діни мерекелерін атап өтсе – бұл оның жеке құқығы. Бірақ біреу өз сенімін міндеттеп, өзгелерді күштеп өз жолына шақырса немесе басқа дін өкілдерін кемсітсе, бұл дау-дамайға әкеледі.

Діни пікір алуандығы атын жамылып, радикалды идеялар мен жалған діни түсініктердің таралуы да қауіп төндіреді. Әсіресе жастардың санасын улап, дәстүрлі мәдениет пен қоғамдық құндылықтарды жоққа шығару қоғамда алаңдаушылық туғызады. Барынша сауатты ақпаратқа сүйенген жөн. Діни білім тек ресми сайттардан, теолог, имам, мамандардан алған жөн.

Тағы бір мысал – кейде әлеуметтік желілерде адамдар бір-бірінің сенімін мазақ етіп, жанжал туғызады. Мұндай әрекет қоғамдағы татулыққа кері әсер етеді. Ал керісінше, әртүрлі сенімдегі адамдар бір ортада жұмыс істеп, бір-бірін құрметтеп жүрсе, бұл қоғамдағы келісімнің көрінісі.

Сарапшылардың пікірінше, діни төзімділік дегеніміз барлық сенімді сөзсіз қабылдау емес, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарау. Заң мен адам құқығы аттамау. Еркіндік пен жауапкершілік қатар жүруі тиіс.

Діни пікір алуандығы қоғамды байытады, бірақ ол өзгенің құқығы мен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі керек. Негізгі шек – адам қауіпсіздігі, заң және қоғамдағы өзара құрмет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button