Заңды білу – жеке қауіпсіздіктің кепілі

Қазіргі қоғамда діни ақпарат пен түрлі көзқарас еркін тарайды. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер арқылы адамдар түрлі уағыз бен пікірге жиі тап болады. Осындай жағдайда заңды білу адамды қателік пен қауіптен қорғайды.
Кей жағдайда адамдар діни білім іздеп жүріп, күмәнді топтардың ықпалына түсіп жатады. Кейбір топтар өз көзқарасын күштеп таңытуға тырысады. Олар заңға қайшы әрекеттерге де шақыруы мүмкін. Ал заң талаптарын білетін адам мұндай әрекеттердің қауіпті екенін түсінеді.
Заңсыз діни үгіт жүргізу, адамдарды қоғамнан оқшаулануға шақыру немесе өшпенділікке баулу жауапкершілікке әкеледі. Мұндай әрекет қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Сондықтан әр азамат заң қандай әрекетке рұқсат беретінін, қай тұста шектеу барын білуі керек.
Мамандар жастардың көбіне интернет арқылы радикалды ақпаратқа тап болатынын айтады. Заңды білетін адам күмәнді ақпараттан сақтанады. Өзінің де заңға қайшы әрекетке бармауын қадағалайды.
Діни сенім – әр адамның жеке таңдауы. Бірақ ол қоғам тыныштығына зиян келтірмеуі тиіс. Сондықтан заңды білу адамды теріс ағым ықпалынан сақтайды. Ол жеке қауіпсіздік пен қоғамдағы келісімді қорғауға көмектеседі.



