Заң

Аягөздегі дауға нүкте қойылды

Аягөзде тараған даулы ақпаратқа нүкте қойылды. Абай облысы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, қызметкерлердің әрекеті заң аясында болғанын растады.

26 наурыз күні «ГАЗ» көлігін басқарған 37 жастағы жүргізуші тоқтатылып, медициналық тексеріске жіберілген. Сараптама нәтижесінде оның ағзасында есірткі заттары бар екені анықталған. Бұл ретте жүргізушіде есірткілік масаң күй тіркелмеген.

2026 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке тарту үшін масаңдық деңгейі емес, ағзада тыйым салынған заттардың болуы жеткілікті.

Осыған байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жолданды. Полиция тарапынан заң бұзушылық анықталмаған.

Құзырлы орган тұрғындарды расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button