Басты жаңалық

«Нива» сауда үйіне ескерту жасалды

Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы Семей қаласындағы нысандарды аралау барысында Ибраев көшесі, 159 мекенжайында орналасқан «Нива» сауда үйінің ғимаратына барды.

Нысанды тексеру кезінде оның қазіргі жағдайы қолданыстағы талаптарға толық сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, ғимараттың сыртқы және ішкі жай-күйі, сондай-ақ санитарлық және қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша бірқатар кемшіліктер бар екені байқалды.

Осыған байланысты аймақ басшысы жауапты мамандарға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сонымен қатар, нысанды талапқа сәйкестендіру және оның қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Әкім қоғамдық нысандардың тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы болуын қамтамасыз ету – негізгі талаптардың бірі екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button