Денсаулық
Тегін дәрі сатылып кеткен

Елімізде тегін берілуі тиіс дәрілердің дәріханаларда сатылғаны анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Таңбалау жүйесі арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде 4 мыңнан астам препараттың заңсыз айналымға түскені белгілі болды. Бұл дәрілер науқастарға тегін берілуі керек болған.
Тексеру барысында 74 нысан қамтылып, оның 31-і жауапкершілікке тартылды. Жалпы 12,3 млн теңге айыппұл салынды. Тағы бірнеше ұйымға ескерту берілді.
Белгілі болғандай, кейбір дәрілер медициналық ұйымдар арқылы берілгеннен кейін қайтадан дәріханаларға түскен.
Қазір бұл жағдай бойынша материалдар тиісті органдарға жіберілді.



