Аймақ тынысы
ЖИ инсультті ұстап тұр

Инсультті ерте анықтайтын жасанды интеллект жақсы нәтиже көрсетті. Вице-премьер Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Cerebra AI жүйесі енгізілген өңірлерде өлім-жітім 40%-ға дейін төмендеген.
Жүйе компьютерлік томографияны 30 минут емес, 5–10 минутта талдайды. Бұл дәрігерлерге диагнозды тез қойып, уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.
Қазір бұл технология Астанадағы 17 емханада және Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы облыстарында жұмыс істеп тұр.
Жалпы елде 50-ден астам жасанды интеллект жобасы дамып келеді. Олар медицинамен қатар бизнесте де шығынды азайтып, тиімді шешім қабылдауға көмектесіп жатыр.



