Заң
Полиция интернетті тазалап жатыр

Абай облысында интернет-алаяқтық деректері 22%-ға төмендеді. 2026 жылдың алғашқы төрт айында өңірде 294 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Былтыр бұл көрсеткіш 377 болған.
Полиция мәліметінше, төрт айда интернет-алаяқтыққа қатысы бар 25 адам ұсталып, 5 мыңнан астам күмәнді сайт пен аккаунт бұғатталған. Сонымен қатар қылмыстық схемаларда пайдаланылған SIM-карталарды белсендіруші төрт адамның қызметі тоқтатылды.
Өңірде профилактикалық жұмыстар да күшейтілген. Тұрғындарға 58 мыңнан астам жадынама таратылып, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға, бөгде адамдарға SMS-кодтар мен банк деректерін бермеуге шақырды.



