Басты жаңалық

Бақты жаңа өндіріс орталығына айнала ма?

Абай облысының Мақаншы ауданында орналасқан Бақты арнайы экономикалық аймағында ірі индустриялық парк жобасы қолға алынуда. Жоба өңірдің өндірістік және транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.Қазақстан–Қытай индустриялық паркінің жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды.

Жобаны жүзеге асыруға «Қазақстан–Қытай Индустриялық Паркі» ЖШС бастамашы әрі инвестор ретінде қатысуда. Компания парк аумағында қажетті инженерлік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүргізеді.

Құрылыс жұмыстарын MakWool Group LLP компаниясы атқарады.

Жоба аясында өндірістік кәсіпорындар, логистикалық нысандар мен инфрақұрылым кешендерін орналастыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасының дамуына серпін береді деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, Бақты арнайы экономикалық аймағындағы индустриялық парк Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, халықаралық сауда мен транзиттік мүмкіндікті кеңейтуге ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button