Басты жаңалық

Бөкеншідегі қауіпсіздік қалай күшейіп жатыр?

Өрт кезінде санаулы минуттың өзі шешуші рөл атқарады. Сондықтан шалғай ауылдардағы жедел әрекет ету жүйесін күшейту маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Жаңасемей ауданының Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші ауылында өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр.

Нысанның жұмысымен танысу барысында ауыл әкімі Берік Рымбекұлы Айтқожин мен Жаңасемей ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асет Еркенұлы Жолдыбеков атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Бөкенші ауылындағы өрт сөндіру пункті үш ғимараттан тұратын кешен ретінде салынған. Бір қабатты нысан ішінде диспетчерлік және қызметтік бағыттағы жеті бөлме қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда екі бірлік арнайы техника қызмет көрсетеді. Штат бойынша төрт маман еңбек етеді.

Нысан құрылысы аясында алдымен сыртқы инженерлік желілер жүргізіліп, өрт сөндіру гаражы салынды. Кейін гараж жанынан өрт сөндіру бекеті бой көтерді. Бұл ауылдық елді мекендерде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button