Басты жаңалық

Абай облысында жасыл энергетика дамиды

Абай облысында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар талқыланды.

Облыс әкімі Берік Уәли «China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ма Юн бастаған қытайлық инвесторлармен кездесті.

Кездесуде өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр энергиясы тапшылығын азайту және энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Қытайлық компания Абай облысында екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды. Оның бірі – Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кенті маңында қуаты 100–200 МВт болатын жел электр станциясын салу. Екінші жоба Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы аумағында күн электр станциясын іске қосуды көздейді.

Компания жел және күн энергетикасы, энергия жинақтау жүйелері, электр желілері мен қосалқы станциялар саласында жобаларды жоспарлау, жобалау және іске асыру бағыттарында жұмыс істейді.

Берік Уәли шетелдік инвесторлардың өңірге қызығушылық танытқанын атап өтіп, ұсынылған жобалар назарға алынатынын айтты. Әкімдік тарапынан заң аясында қажетті қолдау көрсетіледі.

Инвестициялық жобалардың іске асуы өңірдің энергетикалық тұрақтылығын арттырып, электр энергиясымен қамтамасыз етуді жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button