Шетелде QR арқылы төлем жасауға болады

Қазақстандықтар шетелде өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады. Бұл мүмкіндікті Ұлттық банк трансшекаралық QR-төлемдер жүйесін іске қосу арқылы енгізуді жоспарлап отыр.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленовтің айтуынша, қазір жоба бойынша 11 елмен жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстан бар.
Қытайда жүйені 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Ал басқа бағыттардың басым бөлігінде алғашқы QR-төлемдер 2027 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болуы мүмкін.
Жүйе іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар шетелдегі дүкендер мен мейрамханаларда жергілікті QR-кодты өз банкінің қосымшасы арқылы сканерлеп, төлем жасай алады. Комиссия мөлшерін әр банк өз бетінше белгілейді.



