Заң
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

21–23 қазан аралығында Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алып, жол қозғалысына бақылауды күшейтуде. Сонымен қатар есепте тұрған азаматтарды тексеру, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған тұлғаларды анықтау және бұрын жасалған қылмыстарды ашу бағытында жұмыстар жүргізіледі.



