Заң
Абай облысында құқықтық мәдениет жаңа деңгейге көтерілуде

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Абай облысында «Заң мен Тәртіп» атты цифрлық сервис іске қосылды. Енді тұрғындар «Egov Mobile», «Kaspi.kz» және «Халық банк» қосымшалары арқылы кез келген құқық бұзушылық, жол-көлік оқиғасы немесе тұрмыстық зорлық фактісі жөнінде бір батырманы басып-ақ полицияға хабарлай алады.
Сервис іске қосылғалы бері 100-ге жуық өтініш қабылданып, жедел өңделді. Бұл жаңашылдық полиция мен қоғам арасындағы байланыс пен сенімді күшейтіп, құқықтық мәдениетті жаңа деңгейге көтерді.



