Басты жаңалық

Абай облысында көші-қон тексерісі жүргізілуде

2025 жылғы 3–7 қараша аралығында Абай облысы аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері құрылыс нысандарын, базарларды, кәсіпорындарды және шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін қамтыған ауқымды тексерулер жүргізді. Рейд нәтижесінде 30-дан астам нысан тексеріліп, 59 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде 38 шетелдік Қазақстанда болу мерзімін бұзған.

Сонымен қатар, 21 шетелдік рұқсатсыз еңбек етсе, 4 жұмыс беруші заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Заңсыз келуші» іс-шарасы көші-қон тәртібін күшейтуге, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және Абай облысы аумағында жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button