Білім
Бала құқығы — басты назарда

Семейде «Жабық мекемелерде тәрбиеленетін кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Жиын Абай облысы білім басқармасының қолдауымен және облыстың Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспарына сәйкес өтті.
Семинар қатысушылары кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтарын қорғау бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру, балалармен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын талқылады.




