Мәдениет

Уақыт тоқтаған бөлме

Сырлы тыныштық. Үстелде ашық қалған дәптер мен сарғайған беттер. Бұл – Мұхтар Әуезовтің жұмыс кабинеті. Мұнда қаламгердің шығармашылық ортасы, өмір сүрген дәуірінің тынысы мен тұлғалық болмысы сақталған.

Жазушының кітап сөрелерінде әлем ойшылдарының еңбектері мен өз қолынан шыққан шығармалары тұр. Бұл бөлме – ұлт әдебиетінің алтын қазынасына айналған тұлғаның еңбегіне тағзым іспетті.

Қазір Мұхтар Әуезовтің осы кабинеті Абай музейінде сақтаулы. Ұлы қаламгердің рухымен сусындап, оның шығармашылық әлемін сезінгіңіз келсе, Семейдегі Абай музейіне барып көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button