Мәдениет

«Ұлылар елі» республикалық ән байқауы жарияланды

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет басқармасы «Ұлылар елі» атты республикалық ән байқауын жариялады. Жоба өңірдің рухани келбетін айшықтайтын жаңа туындыларды өмірге әкелуге бағытталған.

Байқау екі бағытта өтеді. Бірінші бағыт — Абай облысына арналған рухты гимн жазу. Екінші бағыт — мәдени-көпшілік іс-шараларда орындалатын, заманауи талапқа сай жаңа ән ұсыну.

Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақындар, композиторлар және әншілер қатыса алады. Өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін электрондық пошта арқылы қабылданады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жеңімпаздарға қомақты ақшалай сыйлықтар мен арнайы марапаттар табысталады. Байқаудың қорытынды гала-концерті Семей қаласында өтеді.

Жоба Абай елінің киелі мекендері мен көрікті жерлерін жырға қосатын шығармаларға басымдық беруді көздейді. Ұйымдастырушылар бұл байқау ұлы даланың жаңа әндерін дүниеге әкеледі деп сенеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button