Заң

Enbek.kz атынан ақша сұрайтындар көбейді

Enbek.kz — жұмыс іздеуге, жұмыссыз ретінде тіркелуге және жәрдемақы рәсімдеуге арналған ресми мемлекеттік портал. Бірақ соңғы уақытта жүйені пайдаланып, «жәрдемақы шығарып береміз» деп ақша сұрайтындар пайда болды.

Шын мәнінде, бұл қызметтің бәрі тегін. Жұмысынан айырылған азаматтар жәрдемақыны өз өңіріндегі Мансап орталығына барып рәсімдей алады. Мамандар құжаттарды толтыруға, тіркеуге және қажетті ақпаратты алуға толықтай ақысыз көмектеседі.

Алаяқтар әдетте жеке хабарлама жазып, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, банк деректерін немесе алдын ала төлем сұрайды. Ал біреулер «жылдам істеп береміз» деп ақша талап етеді. Бірақ мұндай ұсыныстарға сенудің қажеті жоқ — мемлекеттік қызметке ешқандай төлем қарастырылмаған.

Есте сақтаңыз, Enbek.kz пен Egov.kz сайттарындағы барлық ресми қызмет — тегін.
Егер біреу ақша сұраса — бұл мемлекеттік қызмет емес, бұл алаяқтық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button