Мәдениет

Киімдер сөйлей алса

Киімдер сөйлей алса

Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» көрмесі ШҚО музей-қорығының 57 жылдық жинағынан алынған ұлттық киімдерге негізделген.

Экспозицияда XIX–XX ғасырлардағы 15 түрлі халықтың күнделікті және мерекелік костюмдері ұсынылды. Келушілер қазақ, ұйғыр, орыс, беларусь, корей, түркімен және басқа да ұлттардың сирек киім үлгілерін көре алады. Әсіресе өзбек пәрәнжісі, татар қалыңдық көйлегі, орыс және украин дәстүрлі ерлер киімдері қызығушылық тудырды.

Киімдермен бірге кілемдер, шәлілер, сүлгілер секілді этнографиялық бұйымдар да қойылған.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы Абай музейіне барып тамашалай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button