Басты жаңалық

Студенттік шабыт кеші

Шәкәрім университетінде филармония, Қарагөз жастар театры және «Наркескен» ақындар орталығы ұйымдастырған «Баспалдақ» поэтикалық-музыкалық кеші жаңа форматымен ерекшеленді. Режиссер Еркебұлан Нұғыманов, Қарагөз жастар театрының жетекшісі Ерғали Сәкенұлы және орталық басшысы Айбек Жеңісқазиннің шығармашылық үйлесімі нәтижесінде поэзия, музыка және театр элементтері бір кеңістікте тоғысып, әсерлі көркем атмосфера қалыптастырды.

Пианино сүйемелдеуі мен «Қарагөз band» тобының орындауындағы лирикалық композициялар поэтикалық оқылымды толықтыра түсіп, көрерменге терең эмоциялық әсер қалдырды. Жас өнерпаздардың сахналық мәдениеті мен мәнерлілігі кештің мазмұнын арттыра түсті.

Көрермендер жобаны жоғары бағалап, мұндай форматтағы кештердің тұрақты өткізілуіне ұсыныс білдірді. Университеттің мәдени ортасын кеңейтіп, шығармашылық жастарды қолдауға бағытталған бастамалардың жалғасуы көпшілік тарапынан құпталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button