Басты жаңалық

Кеден бекетіндегі құрылыс 60 пайызға аяқталды

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Бақты ауылында кеден бекетін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жоба шекаралық инфрақұрылымды жетілдіруге және жүк өткізу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Жобаның тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 60 пайызы аяқталған.

Кеден бекетін жаңғырту аясында заманауи инфрақұрылым мен жаңа технологиялық жүйелер енгізілуде. Жобаға Nuctech компаниясының арнайы жабдықтары орнатылады.

Мамандардың айтуынша, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін бекеттің өткізу қабілеті артып, кедендік рәсімдерді жүргізу уақыты қысқарады. Сонымен қатар шекарадағы бақылау жүйесінің тиімділігі күшейеді.

Жобаны толық аяқтау 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button