Басты жаңалықЗаң
Жолда мұқият бол

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Абай облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Кей өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыста қар немесе сулы қар жаууы ықтимал.
Жел күшейіп, түнгі температура нөлге дейін төмендейді, күндіз 0…+2 °C шамасында болады.
Полицейлер елді мекендерден шығаберістерде жол жағдайын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Омбы–Майқапшағай автожолында жауын-шашын тіркелген.
Өңірдің жол жағдайына байланысты жүргізушілерге:
– жылдамдықты төмендету;
– маневр кезінде сақ болу;
– көліктер арасындағы қашықтықты сақтау;
– аса қажет болмаса, алыстағы сапарларды шегеру ұсынылады.



