Басты жаңалық
Қазақстан бойынша 864 медициналық нысан салынды

Елде ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту аясында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. 864 медициналық нысан салынды немесе қайта жөнделді. 388 жаңа мектеп ашылып, ауылдық жерлердегі білім беру желісі кеңейді.
Ауыл шаруашылығын қолдауға 1 триллион теңге көлемінде қаржы бағытталды. Бұл қаражат өндірісті ұлғайтуға, техниканы жаңартуға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға жұмсалды.
Жүргізілген шаралар ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға және негізгі инфрақұрылымды күшейтуге мүмкіндік берді. Жұмыс жалғасады.



