Шымкент өкілдері Жидебайда

Абай облысында Шымкент қаласының мәдениет күндері басталды. Өңірге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов бастаған делегация келді. Делегация құрамында ардагерлер, мәдениет ұйымдарының өкілдері және өнер ұжымдары бар.
Қонақтар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығындағы Абай музей-үйін аралады. Олар музей жәдігерлерімен танысып, «Абай–Шәкәрім» кесенесіне барды.
Делегация «Абай салбурыны–2025» республикалық құсбегілер турнирінің жабылу салтанатына қатысты.
Мәдениет күндері Семей қаласында да өтуде. Жазушы Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабек оқырмандармен кездесті. Абай атындағы кітапханада Шымкент қалалық әзіл-сықақ театрының «Не істеу керек?» қойылымы ұсынылды.
Ертең Абай атындағы театрда «Көне қала – Шымкент» көрмесі мен «Шымкент сазы» концерттік бағдарламасы өтеді.



