Басты жаңалықБілім

Абай облысында робототехникадан үздік командалар анықталды

Өңірде «FIRST» халықаралық байқауының «Abay First Regional 2025» аймақтық кезеңі өтті. Шараны Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы ұйымдастырды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 250-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар заманауи мәселелерді шешуге арналған робототехникалық жұмыстар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша FLL Challenge категориясында «Robo Soul» — Семей қаласы, Экономикалық лицей «Alma JK» — Семей қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі жеңіске жетті.

FTC категориясы бойынша республикалық кезеңге «MPL» — Алматы облысы, «Phobos» — Алматы қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Y-Tech» — Есік қаласындағы Білім-инновация лицейі, «Internox» — Семей қаласының командалары жолдама алды.

Республикалық кезең 2026 жылдың 25–26 қаңтарында өтеді. Байқау жас инноваторлар үшін ғылыми-техникалық әлеуетін танытып, халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button