Басты жаңалық
Бөлімдердің жауынгерлік дайындығы тексерілді

Жаңа оқу жылы басталғалы Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы дайындық шаралары өтуде. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге күтпеген жерден жауынгерлік дабыл беріліп, олардың дайындығы тексерілді.
Дабыл жарияланғаннан кейін бөлімдер белгіленген бағыттарға жедел аттанып, тапсырмаларды орындауға кірісті. Көліктердің жүрісі мен техникалық жағдайы қаралды. Жеке құрамның қаруды қабылдап, жабдықтауы және жылдам әрекет етуі бағаланды.
Мұндай жаттығулар бөлімдердің кез келген жағдайда жедел іске кірісу қабілетін арттырады. Қолбасшылық бұл тексерістер жыл бойы жалғасатынын айтты.



