Аягөз ауданында 6 ірі инвестициялық жоба іске асуда

Аягөз ауданында жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған жобалардың үшеуі ұлттық инвестициялық пулға енгізілген.
Сонымен бірге, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 408,2 шақырымды құрайды. Оның 59,4%-ы, яғни 242,5 шақырымы толық ауыстыруды қажет етеді.
Биыл жылу желілерін қайта құру мен жөндеуге 11,8 млрд теңге бөлінді. Оның 2 млрд теңгесі Аягөз ауданына бағытталған. Соның нәтижесінде Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығына қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш жаңа қазандық орнатылып, 3,9 шақырым жылу желісі жаңартылды. Нәтижесінде ауданның жылу мәселесі толық шешімін тапты.
Биыл жылу көздері көмірмен толық қамтылып, тұрғындар мен бюджеттік мекемелерге қажетті отын қоры жеткізілді.



