Басты жаңалықБілім

Аймақ басшысы Шыңқожа батыр атындағы мектептің жағдайымен танысты

Аймақ басшысы Шыңқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектепке барып, оқу ордасының материалдық-техникалық базасы және білім беру жағдайымен танысты.

730 орындық ғимаратта қазіргі уақытта 172 оқушы білім алуда. Мектепте 37 педагог, 8 әкімшілік қызметкер және 27 техникалық персонал еңбек етеді.

Соңғы жылдары білім мекемесін жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылы мектептің жылу трассасы жөнделіп, жалпы 5,2 млн теңге қаржы бағытталды. 2025 жылы химия және физика кабинеттерін жаңартуға, сондай-ақ өрт дабылдамасын орнатуға қаржы бөлінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button