Басты жаңалық

«Қарагөз» жастар театры – үздік студенттік театр

Семей қаласында дәстүрлі «Жыл таңдауы – 2025» жастар премиясының қорытынды кеші өтті. Шараға қала әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Көрмеге келген Семей қаласының әкімі Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы жас өнерпаздардың еңбегін жоғары бағалап, оларға қолдау білдірді. Әкім жастарға шығармашылық жобаларын дамытуға мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Шәкәрім университетінің студенттік театры – «Қарагөз» жастар театры да көрмеге қатысып, өзінің шығармашылық жетістіктерін таныстырды. Театр ұжымы биыл Алматы қаласында өткен «Студент және сахна» ІІІ студенттік театрлар конкурсында жүлделі І орынды иеленсе, сондай-ақ республикалық «Бабалар жолы – халықтың мұрасы, ұрпаққа аманаты» фестивалінде Бас жүлдеге ие болды. Осы көрмеде «Қарагөз» жастар театры үздік студенттік театр ретінде таныстырылып, шығармашылық жетістіктері мен сахналық жұмыстары көрермен тарапынан жоғары бағаланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button