Басты жаңалық
Өткенді танытқан қос роман

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи-деректі романдарының таныстырылымы өтті. Шараның өтуіне Абай облысы ішкі саясат басқармасы ұйытқы болды.

Жиында аталған шығармалардың авторы, жазушы Ұларбек Дәлейұлымен кездесу ұйымдастырылды. Қатысушылар тарихи романдардың жазылу барысы мен мазмұны туралы кеңінен мағлұмат алды. Автор оқырманның сауалына жауап беріп, тарихи тұлғаларды көркем бейнелеудің маңызына тоқталды.
Кездесу барысында тарихи шығармалардың ұлттық сананы қалыптастырудағы, өткенімізді терең танудағы рөлі атап өтілді.

Танымдық әрі мазмұнды өткен басқосуға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар және жастар қатысты.



