Басты жаңалық
Новопокровка ауылында 100 орындық мәдениет үйі салынды

Новопокровка ауылында 100 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысан ауыл тұрғындарының мәдени өмірін дамытуға және шығармашылық іс-шараларды өткізуге арналған.
Жобаның тапсырыс берушісі — ЖК «Дойдеев Р.Е», ал бас мердігері — «СтройБизнесИнжиниринг» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2025 жылғы шілде айында басталып, 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталды.
Мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда музыкалық аппаратура, LED экран орнатылып, қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген.
Жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін мәдени іс-шаралар мен қоғамдық жиындарды өткізуге қолайлы жағдай жасайды.



