Семейде ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетті

Абай облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Биыл облыс бойынша іске асырылып жатқан 33 жобаның 7-еуі аяқталды. Оның ішінде Семей қаласындағы Нахаловка, Бобровка және Березовский кенттері бар. Қазіргі таңда облыс орталығында ауыз сумен қамту деңгейі 94,7 пайызды құрап отыр.
Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу. Осыған байланысты тозығы жеткен су желілерін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Биыл Северный кентінде су құбырларын салу басталды.
Сонымен қатар, Мұрат саяжайы мен Бобровка кенттерін электрмен жабдықтау жұмыстары толық аяқталды.



