Басты жаңалық
Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүйелі түрде іске асуда

Президенттің бастамасымен қабылданған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру Абай облысында басым бағыттардың бірі болып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, тазалық пен ұқыптылық әр адамнан және әр елді мекеннен басталуы тиіс.
Бағдарламаны іске асыру аясында облыста 14 арнайы жиын өткізіліп, абаттандыру мен тазалыққа қатысты 102 нақты тапсырма берілді. Жыл басынан бері әр сенбі сайын өткізілген тазалық акцияларына 350 мыңға жуық тұрғын қатысып, 182 мың аула, 3 мыңнан астам саябақ пен сквер тазартылды. Нәтижесінде 52 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.



