Мәдениет

Қаланың рухани ордасы

Қазір Абай облысында 137 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 2 млн 416 мыңнан астам кітап бар. Соның 1 миллионнан көбі қазақ тілінде. Балаларға арналған әдебиеттер саны 410 мың дана, ал кітапханаға тұрақты келетін оқырман 63 532 адамды құрайды.

Биыл Семейдегі зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған арнайы кітапхана жаңа, заманауи ғимаратқа көшті. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға толық ыңғайланып жабдықталған.

Кітап қорын толықтыру бағыттында 11 желтоқсанда «Абай жолы кітапханасы» жобасы таныстырылды. Бастама аясында жергілікті авторлар мен өңір тарихына арналған 25 кітап (12 500 дана) жарық көріп, аудандық және ауылдық кітапханаларға таратылды.

Сонымен қатар Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана «Рухани қазына–2025» фестивалінде «Үздік облыстық кітапхана» аталымын жеңіп алып, 1 млн теңге иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button