Қарабұлақта жаңа спорт нысаны ашылды

Қарабұлақ ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, нысанның жұмысымен танысты.
Спорт кешені Мақаншы ауданы әкімдігінің тапсырысымен салынды. Бас мердігер – «DI-NUR» ЖШС. Жобаның жалпы құны 500 млн теңге.
Аймақ басшысы спорт нысанының әлеуметтік маңызына тоқталды. «Жеке инвестор есебінен оффтейк контракт негізінде салынған спорттық модуль ауыл балаларының спортпен айналысуына және бұқаралық спорттың дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Қазіргі таңда Абай облысында тұрғындар игілігі үшін 610 спорт нысаны жұмыс жасайды. Жыл сайын спортпен шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Мамыр айында осы ауылға медициналық нысанның ашылуына келгенде халық спорт нысанын салып беруді сұраған. Тұрғындардың өтінішін орындап, нысанды пайдалануға бердік. Ауылға 9 айда екінші рет келіп отырмын»,- деп атап өтті облыс әкімі.




